Accessibility links

Киев: Донбаста жыл басынан бері 47 бейбіт тұрғын қаза болды


Донецкіде жарылыстан қираған Ұлттық экономика және сауда университетінің ғимараты. Украина, 29 маусым 2017 жыл.
Донецкіде жарылыстан қираған Ұлттық экономика және сауда университетінің ғимараты. Украина, 29 маусым 2017 жыл.

Украина шығысындаағы қарулы қақтығыстардан 2017 жылдың басынан бері 47 бейбіт тұрғын қаза тауып, 100-ден астам адам жараланды деп мәлімдеді дүйсенбіде Украина вице-премьері Иванна Климпуш-Цинцадзе.

Бұдан өзге, осы уақыт ішінде Донбаста 120 әскери қызметкер оққа ұшып, 900-ден астам сарбаз жараланған. Маусымның ортасында Украина қорғаныс министрі қақтығыс аймағында 100 әскери қызметкердің құрбан болғанын хабарлаған.

Маусымның соңында ЕҚЫҰ-ның мониторинг жасайтын миссиясы 2017 жылдың басынан бері Донбаста қақтығыстан 52 адам құрбан болғанын хабарлаған. БҰҰ-ның Украинадағы адам құқығы бойынша мониторинг жасау миссиясының мәліметінше, 2017 жылдың ақпанынан мамыр айына дейін 36 бейбіт тұрғын қаза болып, 157 адам жараланған. БҰл сан өткен осы жылдың аталған кезеңімен салыстырғанда 70 пайызға артық. БҰҰ есебінше, Украинаның шығысында қақтығыс басталғаннан бері үш мыңға тарта бейбіт тұрғын қаза болған.

Киев пен Батыс елдері Мәскеуді сепаратистерге әскери қолдау көрсетіп отыр деп айыптайды. Кремль айыптауды жоққа шығарады.

XS
SM
MD
LG