Accessibility links

БАҚ: Аман Төлеевті Мәскеудегі ауруханаға алып кетті


Аман Төлеев, Кемеров облысының губернаторы.
Аман Төлеев, Кемеров облысының губернаторы.

Ресейлік белгілі саясаткер, Кемеров облысының губернаторы Аман Төлеевті ол емделіп жатқан облыстық ауруханадан Мәскеуге алып кетті деп хабарлады "Коммерсант" басылымы. Өткен сенбі, 1 шілде күні 73 жастағы Төлеевті санитарлық зембілмен аэродромға жеткізіп, ұшаққа отырғызды деген басылымның кейбір дереккөздері.

Төлеевті Мәскеу әуежайында бүкілресейлік апатты жағдайдағы медицина орталығының қызметкерлері күтіп алып, ауруханаға алып кеткен. Оған омыртқасына жасалған операциядан кейін оңалып кетуіне көмектесетін емдеу курсы белгіленген. Операция Германияда жасалған.

1991 жылы тамызда Кемеров облыстық атқару комитетінің төрағасы болып тұрған Төлеев "төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комитеттің" төрағасы Геннадий Янаевке сол кезде комитет мүшелері жариялаған әрбір сөзге қол қоюға уәде берген. Төлеев 2016 жылы күзде болған парламент сайлауында "Единая Россия" партиясының Алтй республикасы, Алтай өлкесі, Кемеров және Томск облыстары бойынша партиялық тізімінің басында тұрған.

XS
SM
MD
LG