Accessibility links

Бостон полициясы: Көліктің адамдарды қағуы қасақана жасалған қылмыс емес


Бостон полициясы (Көрнекі сурет).
Бостон полициясы (Көрнекі сурет).

Бостонда қаладағы негізгі әуежай маңында такси адамдарды қағып, 10 адам жараланды. Полиция оқиғада қасақана қылмыс жасау белгілері жоқ дейді.

Массачусетс штатының полициясы оқиғаның Логан әуежайында 3 шілде күні жергілікті уақыт бойынша сағат 14-тен кейін болғанын хабарлады. Зардап шеккендердің жарақаттары әртүрлі.

56 жастағы такси жүргізушісінен тергеушілер жауап алып жатыр. Полиция өкілі алдын ала мәлімет бойынша адамдарды қағып өтуді "қасақана жасалды" деп санайтындай ақпар жоқ дейді.

Еуропаның бірнеше елінде соңғы жылдары көлікпен көшеде жаяу жүргіншілерді әдейі қағып, таптап өту оқиғалары жиілеген. Ница, Берлин, Лондонда болғ,ан мұндай бірнеше шабуылдың жауапкершілігін "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымы мойнына алған.

XS
SM
MD
LG