Accessibility links

Шахандағы жарылыс бойынша істе куәгерлер жауап беріп жатыр


Шахандағы көп қабатты үйде жылу қазандығының жарылуына байланысты іс қаралып жатқан Шахтинск қаласының соты. Қарағанды облысы, 4 шілде 2017 жыл.

Қарағанды облысының Шахан кентіндегі көп қабатты үйде жылу қазандығының жарылуына қатысты істе негізгі тыңдау басталды. Шахтинск қаласындағы сот процесі кешігіп басталды. Сотқа қатысуға жарылыстан қаза тапқандар мен зардап шеккендердің туыстары ғана емес, Шахан мен Шахтинскінің қарапайым тұрғындары да ниет білдірген.Сот процесі ашық өтіп жатыр. Прокуратура әуелде сотты "іс шынайы түрде қаралуы үшін" Қарағандыда өткізуді сұраған.

Бүгінгі сотта жәбірленушілер мен басты куәгерлер сұралды. Жәбірленушілер, куәгерлер, адвокаттар мен прокурорлар арасында сөз таластырып қалды. Кейбір жәбірленушілер мен куәгерлер айыпталушылардың қорғаушыларына іске қатысты сұрақтар толық қойылмады деп санайды. Кейбір жәбірленушілер кім жазалануы тиіс деген сұраққа жауабында біресе сотталушылар арасында апатқа жауап беруі тиісті адамдардың жоғын, біресе олардың түгел емесін айтты.

Сот бүгін кешке дейін жалғасады. сот барысында көп қабатты үй тұрғындары не себепті автономды жылыту жүйесін пайдаланғанын, оған қатысты шешімді кім қабылдағанын, жылу жүйесін кім орнатып, кім бақылағанын анықтауға тырысып жатыр.

Сонымен бірге тұрғындар автономды жылу қазандығын пайдаланудың қауіпті екенін білді ме және оны пайдалануда билік өкілдерінің рөлі қаншалықты болды деген сұрақтар да қойды. Кейбір сотталушылардың адвокаттары куәгерлерге әкімдік қандай көмек көрсетуі тиіс болғанын да сұрады.

- Мәселені автономды жылу жүйесін қолданып шешетін мүмкіндік қана болды. Басқа жол қалмады, кентте орталық жылу қазандығы болған жоқ, - деді сотта куәгер Людмила Дударева.

Шахтерлердің тоқырауға ұшыраған Шахан кентінде биыл қаңтардың 1-і күні бес қабатты үйде жылу қазандығы жарылып, үйдің подъезді құлаған кезде алты ересек адам мен үш бала қаза тапқан, екі адам жараланған. Сарапшылардың мәлімдеуінше, подъезд үйдің тура ішінде орнатылған жылу жүйесінің жарылуы салдарынан құлаған.

Бұл іс бойынша бес адам - Шахан кенті әкімі Мұрат Жақыпов, оның коммуналдық мәселелер жөніндегі орынбасары Әкетай Нәжмиден, коммуналдық мәселелер жөніндегі бас маман Мәрия Жұмабекова, Шахтинск қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар тасымалы, автожолдар және тұрғын үй инспекциясы бөлімі бастығының міндетін атқарушы Алмас Омарханов және Шахтинск қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің тұрғын үй секторы бас маманы Нұржан Маханбетов сотқа тартылып жатыр. Оларға "ауыр зардаптарға соқтырған қызметтік әрекетсіздікке" қатысты айып тағылған. Бірақ күдіктілер тағылған айыптарды жоққа шығарады. Оларға қатысты "кепіл" бұлтартпау шарасы қолданылған.

Бұл іс бойынша 11 адам - қаза тапқандар мен зардап шеккендердің туыстары жәбірленуші деп танылған. Сонымен қатар Шахтинск қаласының әкімдігі де жәбірленуші ретінде сотқа тартылып отыр. Әкімдік апаттан құтқару жұмыстарына бюджеттен бір миллион теңгеден астам қаржы жұмсалғанын айтып, мемлекетке шығын келтірілгенін мәлімдеген. 31 адам сотқа куәгер ретінде тартылып жатыр.

  • 16x9 Image

    Елена ВЕБЕР

    Елена Вебер - шығармашылық псевдоним. Елена - 2010 жылдан бері Азаттықтың Қарағанды облысы бойынша тілшісі. Теміртау қаласында тұрады. ҚарҰУ-дің филология факультетін бітірген.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG