Accessibility links

Еуропарламент Молдоваға 100 миллион еуро беруді мақұлдады


Кишинев көшесінде жүрген адамдар (Көрнекі сурет).
Кишинев көшесінде жүрген адамдар (Көрнекі сурет).

Еуропа парламенті 4 шілдеде Молдоваға 100 миллион еуро қаржылай көмек беруді қолдап дауыс берді. Үш транштың алғашқысы желтоқсанда бөлінбек.

Қаржылай көмектің 60 миллионы несие, 40 миллионы грант түрінде берілмек. Қаржылай көмек Молдованың қысқа мерзімдегі мұқтаждықтарын өтемек және ол 2016 жылы қарашада Халықаралық валюта қоры мақұлдаған бағдарламаға қосымша ретінде бөлінбек.

Кишиневке қаржылай көмек беру мамыр айында Еуропарламенттегі бірнеше саяси топ Молдовадағы БАҚ еркіндігі, заңның үстемдігі ахуалына және сайлау туралы заңдарға енгізілген өзгерістерге қатысты алаңдаушылық білдірген соң кейінге ысырылған еді. Маусымда Еуропарламентғ Еуропа комиссиясы және Еуропа Одағына мүше елдер ымыраға келіп, Кишинев демократия принциптерін, көппартиялық жүйені, заң үстемдігін құрметтеуі тиіс деген қорытынды жасаған. Көмек Молдова үкіметі адам құқықтарын құрметтейтініне кепілдік берген соң ғана бөлінейін деп отыр. Еуропа комиссиясы егер Молдова үкіметі шартты орындай алмаса көмекті тоқтатуға хақы бар.

XS
SM
MD
LG