Accessibility links

Volkswagen Иран нарығына 17 жыл үзілістен соң қайта оралмақ


Volkswagen компаниясының көлік құрастыру зауыты (Көрнекі сурет).
Volkswagen компаниясының көлік құрастыру зауыты (Көрнекі сурет).

Volkswagen (VW) компаниясы Иран нарығына 17 жылдық үзілістен соң қайта оралатынын мәлімдеді. Неміс көлік компаниясы келесі айда ирандық импортер Mammut Khodro компаниясымен келісімге қол қойған соң Иранға көлік сатуды қайта бастап, Tiguan және Passat көліктерін ұсынатынын мәлімдеді. Көлік негізінен Тегеран мен оған жақын аймақтарда сатылады.

"Иранға оралған Volkswagen бренді әлемдік көлік картасында тағы бір ойсырап тұрған орынды толтырмақ" деді компанияның Ирандағы жобаларының басшысы Андерс Сундт Йенсен.

Volkswagen - Еуропа нарығында VW, Porsche, Skoda және Seat брендтерімен танымал.

Компания Иран нарығынан 2000 жылы Тегеранға халықаралық санкция салынғанына байланысты кеткен. Францияның көлік құрастыратын Renault және PSA Group компаниялары да Иранның ядролық бағдарламасына қатысты салынған санкциядар жойылған осы ел нарығына қайта оралу ниеті барын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG