Accessibility links

Ресей өкілі Астанада Сирия оппозициясы делегациясымен кездеспек ниетте


БҰҰ-ның Сирия бойынша арнайы өкілі Стаффан де Мистура (сол жақта) мен Ресей делегациясының Астанадағы Сирия бейбіт келіссөзіндегі делегациясының басшысы Александр Лаврентьев.
БҰҰ-ның Сирия бойынша арнайы өкілі Стаффан де Мистура (сол жақта) мен Ресей делегациясының Астанадағы Сирия бейбіт келіссөзіндегі делегациясының басшысы Александр Лаврентьев.

Астанадағы Сирия бейбіт келіссөзіне қатысып жатқан Ресей, Иран, Түркия және АҚШ дипломаттары бүгін келіссөзді Сирия үкіметінің және Сириядағы бірқатар оппозициялық топтардың өкілдерімен жалғастырады. 4 шілдеде басталған келіссөздің алғашқы күні тараптар екі жақты кездесулер өткізген.

Қазақстан сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, Астанадағы келіссөздің екінші күні келіссөзге Сирия қарулы оппозициясының бірқатар делегаты, оның ішінде "Солтүстік және Оңтүстік майданның өкілдері" қосылмақ.

Ресей делегациясының өкілі Александр Лаврентьев 5 шілдеде қарулы оппозиция өкілдерімен кездесіп, "олардың Сирия президенті Башар Асадпен қалай мәмілеге келуге және шиеленісті қалай бәсеңсітуге болатыны туралы пікірлерін тыңдау" ниеті барын айтты.

Қазақстан сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов бұған дейін тоғыз адамнан құралған Сирия оппозициясы делегациясының құрамында Астанадағы бұған дейінгі келіссөздерде оппозиция делегациясын басқарған Мохаммед Аллуштың жоғын айтты.

Әбдірахманов журналистердің Сирия қарулы оппозициясын кім басқарады деген сауалына "Бұл олардың ішкі мәселесі" деп жауап берген.

Астанадағы екі күндік келіссөзге БҰҰ-ның Сирия бойынша арнайы өкілі Стаффан де Мистура да келді. Ресей, Түркия және Иран гарант елдер ретінде қатысып жатқан Астанадағы келіссөз Женевадағы БҰҰ бастама болған келіссөзден бөлек өтіп жатыр.

XS
SM
MD
LG