Accessibility links

Германия Ресейдің "сайлауға килігу әрекетіне" дайындалмақ


Германия канцлері Ангела Меркель мен ішкі істер министрі Томас де Мезьер.
Германия канцлері Ангела Меркель мен ішкі істер министрі Томас де Мезьер.

Берлин Ресей қыркүйекте болатын парламент сайлауының нәтижелеріне Германияда демократтарға деген сенімді бұзу мақсатымен ықпал етуге тырысады деп күтіп отыр деп мәлімдеді Германия ішкі істер министрі Томас де Мезьер.

Баспасөз конференциясында сөйлеген Томас де Мезьер Берлиннің "Мәскеу ұйымдастыруы ықтимал жалған ақпарат пен ұрланған мәліметтерді жариялау түріндегі жаулық әрекеттеріне" дайындалып жатқанын мәлімдеді. "Біз сайлауға ықтимал ықпал ету әрекетін АҚШ-та, Францияда байқадық. Мұның барлығын Ресей жасады деп ұйғаруға барлық негіз бар, сондықтан осыған ұқсас әрекеттер Германиядағы сайлауда да жасалатынын жоққа шығаруға болмайды" деді Томас де Мезьер.

Министр Германия қауіпсіздік қызметі парламенттегі компьютерлерден алынған мәліметтерді зерттеуге кіріскенін, ол бойынша есеп алдағы бірнеше аптада жарияланатынын айтты.

Германия ішкі барлау қызметінің басшысы Ханс-Георг Маасен Ресейдің Германиядағы сайлауға не мақсатпен килікпегі әзірге белгісіз болғанымен, Ресей президенті Владимир Путин Ангела Меркельден өзге канцлерді дұрыс көреді деген пікір білдірді.

Батыс елдерінің Ресейге Украинадағы басқыншылығы үшін салған санкциясын қолдайтын Ангела Меркель төртінші мерзімге канцлер болып сайланбақ ниетте. Ресей бұған дейін "Мәскеу өзге мемлекеттердегі сайлау нәтижелеріне килігеді" деген мәлімдемелерді жоққа шығарған.

XS
SM
MD
LG