Accessibility links

Тәжікстанда милициямен жанжалда Халимовтың төрт туысы оққа ұшты


Бұрынғы тәжік полковнигі Гулмурод Ҳалимов, видеодан алынған кадр.

Тәжікстан милициясы қызметкерлері мен бұрын ішкі істер министрлігінде арнайы полиция жасағының (ОМОН) командирі болған, қазір "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік тобының жетекшілерінің бірі Гулмурод Халимовтың туыстары арасындағы жанжалда Халимовтың төрт туысы мен бір милиция қызметкері қаза тапқан.

Қанды оқиға 4 шілде күні кешке Восей ауданында, Ходжа Мумин тауынан 10 километр жерде болған.

Кулябтағы милиция бөлімшесінің сенімді дереккөзі 5 шілдеде милицияның жоғары шенді қызметкері, Халимовтарға қарсы операцияны басқарған Анвар Хусейнов денесінің бірнеше жеріне пышақ салынып, ауыр жараланғанын айтты.

"Гулмурод Халимовтың екі бауыры және екі немере інісі қаза тапты. Олардың денесі Кулябқа сараптама жасауға жіберілді" - дейді дереккөз.

Дереккөздің мәліметіне қарағанда, құрбандар арасында Гулмурод Халимовтың 53 жастағы ағасы Султонмурод Халимов бар. Халимовтың туыстары Восей ауданындағы Ибрати ауылында милиция қызметкерлеріне қарсылық көрсеткен. Осыдан кейін милиция қызметкерлері оларға оқ атқан. Оққа ұшқан басқа адамдардың кімекені әзірге белгісіз.

Халимов 2015 жылдың көктемінде жоғалып кетіп, кейін Сириядан шыққан. ОМОН-ның бұрынғы командирі бейнеүндеуінде билік өзінің "діни еркіндігін шектегенін" мәлімдеген. 15 сәуірде британдық Times журналы Халимовты "Ислам мемлекеті" экстремистік тобының әскери министрі болғанын және оның 15 өткен аптада Мосулға жасаған әуе шабуылынан оққа ұшқан болуы мүмкін екенін хабарлаған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG