Accessibility links

Астана күнінде Нұрсұлтан Назарбаев 77 жасқа толды


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан 6 шілде – мемлекеттік мереке – Астана күні. Бірақ бұл мерекені кейбір сарапшылар мен азаматтар Назарбаев тұлғасымен байланыстырады. Өйткені Астана күні мерекесі Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күні - шілденің 6-сына белгіленген.

Қазақстан президентінің ресми сайтында Нұрсұлтан Назарбаев туралы "1940 жылғы 6 шілдеде Алматы облысы Қаскелең ауданы Шамалған ауылында дүниеге келген" деп жазылған. Яғни Қазақстанда ширек ғасыр уақыттан астам басқарып келе жатқан Нұрсұлтан Назарбаев бүгін 77 жасқа толды.

Алайда ресми хабарларда бұл күннің Назарбаевтың туған күнімен тұспа-тұс келетіні көп айтылмайды. Мәселен Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты мерекені "Астана күні – тәуелсіз ел тарихындағы айрықша мейрам. Елорда – тәуелсіздігіміздің символы, ел дамуының локомотиві және барша қазақстандықтардың ортақ мақтанышы" деп қана сипаттайды.

Әдетте бұл күні Астанада түрлі мерекелік шаралар ұйымдастырылады, Қазақстандағы ірі қалалар да бұл мейрамды мерекелік шаралар арқылы атап өтеді. Бұл күні мемлекеттік мереке болғандықтан Қазақстанда демалыс ретінде жарияланған.

Назарбаев мереке қарсаңында - 5 шілде күні Қазақстан азаматтарын Астана күнімен құттықтап, қаланың ел орталығы болған 19 жыл ішінде "жоғары қарқынмен дамығанын" айтты.

– Қазір Қазақстан «ЭКСПО-2017» көрмесінің арқасында халықаралық қоғамдастықтың назарын өзіне аударып отыр. Қонақтарымыз Астанаға тамсана қарайды. Біз – ғасырлар тоғысында жаңа мегаполис салған бірден-бір мемлекетпіз. Бүгінде Астана жылына ел бюджетіне триллион теңге құйып келеді. Бұл орайда барлық кірістің 65 пайызы шағын және орта бизнестен түсіп отыр. Бәріміз бас қаламыздың бой көтеруіне куә болдық, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

"Қазақстанның даму қарқының Назарбаевтың ауыспайтын билігі мен адам құқықтарын шектейтін авторитарлық режимі бәсеңдетіп отыр" деп білетін саясаткерлер де бар.

ВИДЕО: «Астана күні» деген қандай мейрам?

«Астана күні» деген қандай мейрам?
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:11 0:00

  • 16x9 Image

    Рахат МАМЫРБЕК

    Рахат 2010 жылдан бері Азаттықтың Алматы бюросында редактор және жүргізуші болып қызмет атқарып келеді. ҚазҰПУ-ді саясаттанушы мамандығы бойынша бітірген. "Қазақстан", "31-арна", КТК және "Алматы" телеарналарында жүргізуші, редактор болып тәжірибе жинаған. Жергілікті телеаудиторияға кең танылған "Күлтөбе" телехабарының авторы әрі модераторы болған.

XS
SM
MD
LG