Accessibility links

Навальный штабының соққыға жығылған қызметкері ауруханада


Оппозиционер Алексей Навальныйдың штабын тінту сәті. Мәскеу, 7 шілде 2017 жыл.
Оппозиционер Алексей Навальныйдың штабын тінту сәті. Мәскеу, 7 шілде 2017 жыл.

Мәскеуде оппозиционер Алексей Навальныйдың штабының қызметкері, полиция штабты тінткен кезде соққыға жығылған белсенді Александр Туровский әлі ауруханада жатыр.

Склифосовский атындағы жедел жәрдем институты дәрігерлері дерегінше, Александр Туровскийдің миы шайқалған.

Белсенді Николай Касьянның сөзінше, полицейлер Туровскийді ауруханадан шығаруды талап еткен.

Белсендінің жағдайына байланысты арнайы орындардан ресми жауап жоқ.

Александр Туровскийдің соққыға жығылғанын бейсенбі күні таңертең Алексей Навальныйдың​ жақтастары хабарлаған. Олардың сөзінше, Навальныйдың штабын тінтуге келген полиция оны соққыға жығып, "полицейдің заңды талабына бағынбады" деген айыппен алып кеткен. Туровскийді ауруханаға соттан апарған.

Полицияның дерегінше, олар Навальныйдың Мәскеудегі штабын "ғимараттағы басқа орындарды жалға алу шарты бұзылғандықтан" тінткен. Ресейдің басқа қалаларындағы Навальный штабтарында да тінту болған.

XS
SM
MD
LG