Accessibility links

Гамбургте шерушілер мен полиция тағы да қақтығысты


Гамбургтегі шерушілер. 6 шілде 2017 жыл.
Гамбургтегі шерушілер. 6 шілде 2017 жыл.

"Үлкен жиырмалық" елдері басшыларының саммиті өтіп жатқан Германияның Гамбург қаласында шерушілер полициямен қақтығысты. Билік орындары "шерушілер полиция бөлімшесіне шабуылдап, көліктерін өртеді" деп хабарлады.

Бұған дейінгі қақтығыста ондаған полицей мен шеруші зақым шеккен еді. Гамбург полициясы бөлімшелеріне шабуыл жасаған ереуілшілерге қарсы су атқан.

Полиция дерегінше, кеше кеште болған қақтығыстан 75 полицей жараланған, оның үшеуі ауруханаға түскен. Шерушілердің арасында да жараланғандары көп.

Еуропа комиссиясы президенті Жан-Клод Юнкер әлемдік жетекшілер Гамбургтегі тәртіпсіздіктерді "естімей, көрмей отырмағандарын" журналистерге айтты.

Гамбургте 6 шілде күні 13 мыңдай адам шеруге шыққан. Полиция қалада демалыс күндері 100 мың шеруші портқа барады деп болжайды. Германиядағы саммиттің қауіпсіздік шарасына 20 мың полицей тартылған.

XS
SM
MD
LG