Accessibility links

Ресейде оппозиционер Навальный 25 күндік қамақтан шықты


Алексей Навальный қамаудан шығып, журналистерге сұхбат беріп тұр. Мәскеу, 7 шілде 2017 жыл.
Алексей Навальный қамаудан шығып, журналистерге сұхбат беріп тұр. Мәскеу, 7 шілде 2017 жыл.

Ресейде "Жемқорлықпен күрес қорының" басшысы, оппозицияшыл саясаткер Алексей Навальный 25 күндік әкімшілік қамаудан босап шықты. Ол 12 маусымда Мәскеуде жемқорлыққа қарсы акция өтер кезде ұсталған.

Навальный босап шығар қарсаңда елдің бірнеше қаласында оның сайлауалды штабтарына тінту жүргізілді. Саясаткердің жақтастары 8-9 шілдеде үгіт-насихат пикеттерін өткізбек болған.

Навальный 12 маусымда Мәскеуде билік рұқсат етпеген шерулері басталар кезде ұсталып, "бұқаралық шараларды өткізу тәртібін қайтара бұзды" деген айыпқа іліккен. Полиция ол кезде 700-ден астам адамды тұтқындаған.

XS
SM
MD
LG