Accessibility links

АҚШ конгресінің мүшелері президент Трампты сынады


АҚШ президенті Дональд Трамптың (оң жақта) Ресей президенті Владимир Путинмен алғаш рет кездесуі. Гамбург, Германия, 7 шілде 2017 жыл.
АҚШ президенті Дональд Трамптың (оң жақта) Ресей президенті Владимир Путинмен алғаш рет кездесуі. Гамбург, Германия, 7 шілде 2017 жыл.

АҚШ президенті Дональд Трамптың Гамбургте Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуінің қорытындысы АҚШ конгресіндегі демократтардың көңілінен шықпады. Олар әсіресе АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсонның Трамп пен Путиннің арасында Америкадағы сайлау науқанына Ресейдің араласуына қатысты "шешілмейтін келіспеушілік бар" және екі тарап қарым-қатынасты дамытуға назар аударып отыр деген мәлімдемесін сынға алды.

"Біздегі сайлау процесін бүлдіру жұмысы оған қатысты "келіспеушілік туралы келісім" жасайтын проблема бола алмайды және олай болмауы тиіс", - деп мәлімдеген сенаттағы демократиялық партия фракциясының жетекшісі Чак Шумер. Сенаттың барлау жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары демократ Марк Уорнер президент Трамп Кремльге қарсы санкция режимін босаңсытпауы тиіс деген пікірде. Оның сөзінше, егер Трамп бұған дейінгі сөздерінде 2016 жылғы президент сайлауы кезіндегі кибершабуылдардың артында кім тұрғанына байланысты күмән білдірмегенде бұл жолы Путинмен кездесуде оның АҚШ сайлауына Ресейдің араласуы туралы мәлімдемесі әлдеқайда салмақты шығар еді.

Гамбургтегі кездесуде АҚШ-қа қарсы кибершабуылдарға Ресейдің қатысы жоқ деп Трампты сендірмек болған Путиннің сөздеріне америкалық конгресс мүшелері күмән білдірген. Өкілдер палатасының төрағасы республикашыл Пол Райан кибершабуылдарға жауапкершіліктен Кремльдің бас тартуы таңданыс туғызбайды деп мәлімдеген. Ол Путин "АҚШ-тағы сайлау ғана емес, бүкіл Еуропадағы сайлауларға қатысты көптеген жылдар бойы шүбәсіз істеп келе жатқанын жоққа шығарады деп күткенін" айтқан.

АҚШ конгресі мүшелері Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың "Америкадағы кибершабуылдарға Ресейдің қатысы жоқ деген Путиннің сөзімен президент Трамптың келіскені" туралы айтқанын қабылдамайтындарын білдірген.

XS
SM
MD
LG