Accessibility links

АҚШ мемлекеттік хатшысы Киевке барды


Украина президенті Петр Порошенко (сол жақта) және АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон. Вашингтон, 20 маусым 2017 жыл.
Украина президенті Петр Порошенко (сол жақта) және АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон. Вашингтон, 20 маусым 2017 жыл.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон бүгін Киевке барды. Ол Украина президенті Петр Порошенкомен келіссөз өткізеді. Тараптар Украинадағы экономикалық және саяси реформалар жайын талқылайды деп хабарланды.

Киевтегі кездесуде үкімет күштері мен ресейшіл сепаратистер арасында қақтығыстар жалғасып жатқан Украинаның шығысындағы жағдайға ерекше назар аударылмақ.

Тиллерсонмен бірге Киевке жақында АҚШ-тың Украина бойынша арнайы өкілі қызметіне тағайындалған Курт Уолкер де барды. Оған Вашингтонның Донбаста бейбітшілік орнатуға бағытталған іс-шараларын үйлестіру жүктелген.

XS
SM
MD
LG