Accessibility links

Өзбекстан билігі шетелге шығу визасын жоюды талқылады


Ташкент әуежайының кеден бақылауындағы кезек (Көрнекі сурет).
Ташкент әуежайының кеден бақылауындағы кезек (Көрнекі сурет).

Өзбекстан сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов пен басқа да ресми тұлғалар шетелге шығатын ел азаматтарына сыртқа шығу визасын алуға міндеттейтін ережені жою мүмкіншілігін талқылады. Бұл талқылаудан қандай қорытынды шыққаны әзірге белгісіз.

Қаңтар айында үкімет сайтында президент жарлығының жобасы жарияланған. Онда шетелге шыққысы келетін Өзбекстан азаматтарына сыртқа шығу визасын алуды міндеттейтін бұрынғы талапты жоятын норма да болған. Бірақ кейбір өзбек шенеуніктері қатаң басқарудағы Өзбекстанда сыртқа шығу визасы таяу уақытта жойылады деген үмітті басып тастаған.

Совет кезеңінен қалған сыртқа шығу визасын алу талабы елден кеткісі келетін Өзбекстан азаматтары үшін үлкен кедергі болып отыр. Бұл талап сонымен қатар виза алу процесін жеделдету қызметін ұсынатын шенеуніктер үшін заңсыз табыс көзіне де айналған.

Шетелге шығу визасын алуды жоюды Өзбекстанды өткен жылы Ислам Каримов қайтыс болғаннан бері басқарып келе жатқан президент Шавкат Мирзияев ұсынған.

XS
SM
MD
LG