Сиряиның Хама провинциясында минометпен атқылаудан ресейлік әскери кеңесші Николай Афанасов оққа ұшты деп хабарлады Ресей қорғаныс министрлігіне сілтеме жасаған "Интерфакс" агенттігі.
Ресми мәлімет бойынша, Ресей Сирияда әскери операция бастаған 2015 жылдың қыркүйегінен бері 30-дан астам ресейлік әскери қызметкер қаза тапқан. Reuters агенттігінің мәліметіне қарағанда, ресми статистика Сирияда құрбан болған әскерилер санын кем дегенде төрт есе азайтып көрсетіп отыр.