Accessibility links

АҚШ баллистикалық зымыраннан қорғаныс кешенін сынады


АҚШ-тың THAAD зымыраннан қорғаныс кешенінен зымыран ату сәті.
АҚШ-тың THAAD зымыраннан қорғаныс кешенінен зымыран ату сәті.

АҚШ зымыраннан қорғаныс агенттігі 11 шілдеде Аляскада THAAD зымыраннан қорғаныс кешенін сынақтан сәтті түрде өткізгенін хабарлады.

Тынық мұхиты аумағындағы Гаваи аралының солтүстігінен 10 шілде күні түнде C-17 әскери ұшағынан кешен қағып түсіру үшін орта қашықтықта ұшатын баллистикалық зымыран ұшырылған.

Агенттік THAAD кешенінен атылған зымыран нысана ретінде ұшырылған, таяуда Солтүстік Корея сынаған зымырандарға ұқсас баллистикалық зымыранды анықтап, ізіне түсіп, қағып түсіргенін хабарлады.

4 шілдеде Солтүстік Корея құрлықаралық баллистикалық зымыранын сынақтан өткізген.

THAAD кешені осымен 14-рет сынақтан өткізіліп, оның барлығында зымыранды қағып түсірген.

THAAD кешені жылдам орнатылады және баллистикалық зымырандарды атмосферада және одан тыс кеңістікте қағып түсіре алады.

XS
SM
MD
LG