Accessibility links

Антальяда қиын жағдайға ұшыраған қазақстандық туристер қонақүйге орналастырылды


Антальядағы демалыс жағажайларының бірі, Түркия (Көнекі сурет).
Антальядағы демалыс жағажайларының бірі, Түркия (Көнекі сурет).

Түркияға саяхаттап барып, далада қалған қазақстандық туристер қонақүйлерге орналастырылды деп хабарлады Қазақстан сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов.

Оның сөзінше, 11 шілдеде Антальяға барып, қиын жағдайға тап болған 24 турист қазір қонақүйге орналастырылып, демалыс ақылары төленген. Жайнақов қазақстандық туристік операторлармен және консулдықпен тығыз жұмыс істейтін бір компанияның барлық шығынды мойнына алғанын айтты.

Түркияның "Элит класс" компаниясы кеше өзін банкрот деп жариялап, одан туристік жолдама сатып алып, Антальяға барған қазақстандық 24 турист (арасында балалар да бар) қонақүйге орналаса алмай қалған болатын.

Жайнақовтың айтуынша, "Элит класс" Қазақстандағы бірнеше оператормен жұмыс істейтіндіктен, бұл компнаиядан жолдама сатып алған басқа да қазақстандықтар бұл жайт туралы білмей, қиын жағдайға тап болу қаупі бар.

Мәдениет және спорт министрлігінің туризм комитеті бұл жайтқа Қазақстанның туристік операторлары емес, түркиялық операторлар кінәлі екенін айтады. Комитет осыған байланысты қазақстандықтарға шетелге саяхаттап шығар алдында ұшақ билеті мен қонақүйдің брондалғанын тексеріп алуды ұсынады.

XS
SM
MD
LG