Accessibility links

Журналист Сапармамед Непескулиевтің түрмеде отырғанына 2 жыл болды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Түркіменстандық журналист Сапармамед Непескулиевтің қамауға алынғанына екі жыл болды. Үш жылға сотталған Непескулиевті құқық қорғау ұйымдары мен БҰҰ саяси тұтқын деп таныған.

"Сапармамед журналистік қызметі үшін жазаланды. Оны адвокатсыз соттады, жабық өткен іс қолдан ұйымдастырылған деп есептейміз" деді Азат Еуропа/Азаттық радиосының (АЕ/АР) президенті Томас Кент.

Непескулиев 2015 жылы 7 шілдеде Аваза курортты қаласында ұсталған. Түркіменстан соты 2015 жылы 30 тамызда оны есірткі заттарын сақтаған деген айыппен үш жылға соттаған. Құқық қорғаушылар журналистің ісін қолдан ұйымдастырған деп есептейді.

БҰҰ-ның жұмыс тобы 2015 жылы желтоқсанда оның ұсталуын ой-пікір еркіндігін шектеу деп таныған. Өткен жылы маусымда оннан астам БАҚ және үкіметтік емес ұйым Непескулиевтің қамалуына ұжым болып наразылық білдірген.

Республикадағы саяси ахуалға байланысты, АЕ/АР Түркіменстанда бюро аша алмай отыр, соған қарамастан жергілікті тілшілер арқылы жұмыс жүргізіп келеді.

XS
SM
MD
LG