Accessibility links

Ресей: Ленинград облысында өрттен жеті мигрант қаза тапты


Өртеніп жатқан ғимаратқа қарап тұрған адам (Көрнекі сурет).
Өртеніп жатқан ғимаратқа қарап тұрған адам (Көрнекі сурет).

Ресейдің солтүстік-батысындағы Ленинград облысында өндірістік нысанда шыққан өрттен Орталық Азия елдерінен шыққан жеті мигрант қаза тапты.

Облыс басшылығы Санкт-Петербургке жақын Кальпино қаласында тротуар плиталарын шығаратын кәсіпорын ғимаратында өрттің 13 шілде күні таңертең шыққанын хабарлады. Өрт болған территория аумағында жұмысшы мигранттар да тұрып жатқан.

Құрбандардың қай елдің азаматтары екені әзірге анықталған жоқ. Өрттің неден шыққаны да белгісіз.

Ресей тергеу комитетінің Санкт-Петербургтегі басқармасы қайғылы оқиғаға қатысты тергеу басталғанын хабарлады.

XS
SM
MD
LG