Accessibility links

Назарбаев "қоғам тұрақтылығын бұзатын" әрекеттердің алдын алуға шақырды


Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан президенті.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев "қоғам тұрақтылығын шайқалтатын" кез-келген әрекеттің алдын алып, тосқауыл қоюға шақырды. Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, Назарбаев бұл туралы бүгін, шілденің 13-інде Астанада Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылғанына 25 жыл толуына орай ұйымдастырылған салтанатты жиында айтты.

"Бұл жылдардағы жаңа геосаяси жағдаят бізді қашан да қырағы болуға үйретті. Еліміз бен ұлттық қауіпсіздігіміз үшін халықаралық террорлық және діни экстремистік ұйымдар дем беретін радикалдық топтардың зұлымдық әрекеті үлкен қатер төндірді. Кез-келген зиянды идеология мен деструктивті ағымдарды және қоғамды шайқалтатын кез-келген әрекеттің қай жақтан келгенінен қарамастан қатаң тойтару керек" деді Назарбаев.

XS
SM
MD
LG