Accessibility links

Президент сенаттың төрт депутатын ауыстырды


Қазақстан парламентінің сенаты, Астана (Көрнекі сурет).
Қазақстан парламентінің сенаты, Астана (Көрнекі сурет).

Қазақстан парламенті сенатының бірнеше депутатының өкілеттігі тоқтатылып, жаңа сенаторлар тағайындалды деп хабарлады президенттің баспасөз қызметі. Президент Нұрсұлтан Назарбаев сенат депутаттары Нұртай Әбіқаев, Икрам Адырбеков, Мұхтар Алтынбаев және Людмила Полтоработьконың өкілеттігін тоқтатқан.

Президент аталған сенаторлардың орнына жаңадан сенатор етіп өзінің кеңесшісі Талғат Мұсабаевты, бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есеп комитетін басқарған Сәуле Айтпаеваны, сенат аппараты жетекшісінің орынбасары Владимир Волковты және бұрынғы білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұловты тағайындаған.

Сенаттағы 47 депутаттың 15-ін президент тағайындайды, қалған 32-сін мәслихат депутаттары сайлайды.

Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі - алты жыл. Әрбір үш жылда өкілеттігі аяқталған 16 депутат қайта сайланады. Соңғы рет сенат депутаттарын сайлау биыл 28 маусымда өткен.

XS
SM
MD
LG