Биыл Оңтүстік Қазақстан облысында кене шағып, кенеден қырым-конго безгегін жұқтырғандар мен одан қайтыс болғандар саны 2016 жылмен салыстырғанда екі есе өсті. Бұл туралы бүгін облыстық денсаулық сақтау басқармасында өткен баспасөз мәслихатында басқарма басшысы Мұқан Егізбаев хабарлады.
- Жаз айлары аса қауіпті жұқпалы аурулардың күшейетін кезі. Биыл алты айда үш жарым мың адамды кене шақты. Былтырғы жылы төрт жарым мың адам болған. Былтыр 73 адам қырым-конго қанды безгегін жұқтыруы мүмкін деген күдікке ілінсе, биылғы жарты жылда 61 адам осындай күдікке ілінген, - дейді денсаулық сақтау басқармасының басшысы.
Мұқан Егізбаев 2016 жылы кене шағып, қырым-қонго безгегін жұқтырған екі адам, биыл алғашқы алты айдың өзінде бес адам қырым-конго безгегін жұқтырып, оның екеуі қайтыс болғанын айтты.
Сонымен қатар биыл екі адам ит тістеп, одан жұққан құтыру ауруынан қайтыс болған.