14 шілдеде Байқоңыр ғарыш айлағынан ресейлік "Союз-2.1а" ғарыш кемесі Ресейдің ғарышты қашықтан зонд жасайтын "Канопус-В-ИК" аппаратын алып ұшты. Роскосмос мекемесінің хабарлауынша, зымыран Астана уақытымен сағат 12:36-да ұшырылған. Зонд жасайтын аппараттан өзге орбитаға бірнеше шағын спутникті шығару да жоспарланған.
Роскосмостың ақпаратына қарағанда, зымыранның үдеткіш блогы жұмыс бағдарламасы аяқталған соң Үнді мұхитының акваториясына батыру арқылы орбитадан шығарылмақ. Техногендік және табиғи апаттарға жедел мониторинг жасайтын "Канопус-В-ИК" ғарыш аппараты сонымен қатар белгіленген аудандардың жер бедерін бақылап, картографиялық жұмыстар жасайды, топографиялық карталарды жаңалайды деп жоспарланған.
14 маусымда Байқоңырдан "Союз-2.1а" зымыраны ұшырылған соң зымыран тасығыштың қалдықтары Жезқазған түбіне далалы жерге құлап, одан өрт шығып, оны сөндіруге қатысқан екі адам қаза тапқан. Билік зымыран қалдықтары алдын ала бөлінген аумаққа құлағанын айтады. Қарағанды облысындағы далада шыққан өрт салдарын тексерген комиссия өрт техногенді себептерден шыққан деген қорытынды жасаған.