Accessibility links

Лондонда қышқыл қолданып жасалған шабуылдан бір адам жараланды


Лондондағы қышқыл қолданып шабуыл жасалған орын. 13 шілде 2017 жыл.
Лондондағы қышқыл қолданып шабуыл жасалған орын. 13 шілде 2017 жыл.

Британ полициясы Лондонда бірнеше рет қышқыл қолданып шабуыл жасаған жасөспірімді ұстағанын хабарлады. Шабуылдардың бірінде кем дегенде бір адам ауыр жарақат алған.

Полицияның мәліметінше, шабуыл 13 шілде күні кешке басталған. Белгісіз екі адам мопед жүргізушісіне қышқыл шашып, мопедін тартып алып қашып кеткен. Келесі бір жарым сағат ішінде осыған ұқсас тағы төрт шабуыл жасалғаны туралы хабар түскен. Полиция бұл оқиғаға қатысты ер баланың ұсталғанын айтады және бұл шабуылдардың бір-бірімен байланысы болуы мүмкін дейді.

Билік зардап шеккендердің бірі, 20 жастағы жігіт денсаулығына қауіп төндірерліктей жарақат алғанын айтады.

XS
SM
MD
LG