Accessibility links

Қадыров Немцов өліміне қатысты сот үкімін "біртүрлі" деп атады


Рамзан Қадыров, Шешенстан басшысы.
Рамзан Қадыров, Шешенстан басшысы.

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров оппозициялық саясаткер Борис Немцовтің өліміне қатысты шығарылған сот үкімін "сотталушылардың кінәсі күдікті айғақтар арқылы шығарылған біртүрлі үкім" деп атады. Қадыровтың бұл комментариі республика үкіметінің ресми порталында жарияланды.

Мәлімдемеде Қадыровтың таңданысын мемлекеттік айыптаушының сотталушылардың біріне өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын сұрауы тудырды делінген. Қадыров осыған ұқсас істер бойынша өмір бойына соттау оқиғаларын бұрын естіп-білмегенін айтқан. Оның сөзінше, Ресейдің өзге қалалары мен өңірлерінде шешендерді, кавказдықтарды өлтіру оқиғаларын "адам құқығын жақтайтын түрлі құқық қорғаушылар мен басылымдар" елемейді. Қадыров бұған қоса Шешенстанға қарсы "ақпараттық соғыс жүріп жатқанын" айтады.

Борис Немцовты 2015 жылы 27 ақпанда Мәскеудің орталығында Кремльге жақын көпір үстінде атып өлтіріп кеткен. Немцовтің өліміне кінәлі деп танылған шешенстандық Заур Дадаев, Анзор және Шадид Губашевтер, Тамерлан Эскерханов және Хамзат Бахаев 11 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімдерге сотталды. Тергеу қастандыққа тапсырыс беріп, ұйымдастырушы деп Шешенстан ішкі істер министрлігінің бұрынғы қызметкері Руслан Мухудиновті атайды. Оған іздеу жарияланған.

Немцов отбасының адвокаты саясаткер өлімін "ашылмаған күйі қалып отыр" деп біледі. Олар Немцовтың өліміне Рамзан Қадыровтың қатысы бар, ал қылмысты нағыз ұйымдастырған адам - ішкі істер министрлігі "Север" батальоны командирінің бұрынғы Руслан Геремеев деген пікіріде.

XS
SM
MD
LG