Ресей мемлекеттік думасы үшінші оқылымда Қырғызстан азаматтарына Ресейде жүргізуші куәлігін алмай, жүргізуші болып жұмыс істеуге рұқсат беретін заң жобасын қабылдады. Құжатты 363 депутат қолдап дауыс берді. Ешкім қарсы болған жоқ.
1 шілдеден бастап Ресейде шетелдік жүргізушілерге өздерінің жүргізу куәлігі (ресейлік емес) бойынша жұмыс істеуге тыйым салатын заң күшіне енген.
5 шілдеде Ресей президенті Владимир Путин Қырғызстанның жүргізу куәлігін Ресейде мойындау туралы ұсынысты қолдаған.
Енді қырғызстандық жүргізушілер Ресейде қайтадан емтихан тапсырмастан, қоғамдық көлік не жеке көліктің жүргізушісі болып жұмыс істей алады.