Accessibility links

БАҚ: Siemens Ресеймен бірлескен кәсіпорыннан шығуы мүмкін


Siemens компаниясының газ турбиналары (Көрнекі сурет).
Siemens компаниясының газ турбиналары (Көрнекі сурет).

Германияның Siemens концерні санкцияны айналып өтіп, Қырымға газ турбиналарын жеткізуден кейін туындаған жанжалдан соң ресейлік компаниямен бірлескен кәсіпорыннан шығуды ойластырып жатыр. Wirtschafts Woche ("Эконома апталығы") журналының өз дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлауынша, Siemens-те бұл мәселені талқылайтын арнайы комиссия құрылған.

Siemens Ресейдің "Силовая машина" компаниясымен және "Интеравтоматика" компаниясы акционерлерімен бірге "Сименс технологии газовых турбин" деп аталатын еншілес компания құрған. Reuters-тің мәлімдеуінше, дәл осы "Сименс технологии газовых турбин" компаниясы Siemens-тің газ турбиналарын Қырымға жеткізумен айналысқан. Бұл компаниядағы Siemens-тің үлесі 47 пайыздан асады.

11 шілдеде Siemens Мәскеудің Арбитраждық сотына "Ростех" құрылымына кіретін "Технопромэкспорт" компаниясына және "Сименс технологии газовых турбинге" қарсы шағым түсірген. Siemens бұған дейін Қырымға жөнелтілген турбиналарды Тамань қаласына қайтаруды және бұдан былай түбекке заңсыз технология жеткізуді доғаруды талап етеді. "Технопромэкспорт" Қырымға арналған турбиналардың бұрын басқа жақта пайдалануда болғанын және оны өз күшімен жаңалағанын айтады.

Бірер күн бұрын Санкт-Петербургте Федералдық қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері "Силовая машина" компаниясының бас директоры Роман Филипповты ұстап, мемлекеттік құпияны әшкерелеру ісі бойынша жауап алғаннан соң босатқан. Филипповтің бұл іске қалай тартылатынын әзірге белгісіз.

XS
SM
MD
LG