Accessibility links

ИМ тобының Ауғанстандағы басшысы Абу Сайед қаза тапқан


Ауғанстан қауіпсіздік күштері қызметкерлері "Ислам мемлекеті" тобы мүшелері деген күдікпен ұсталғандарды әкеле жатыр. Жалалабад, Ауғанстан, 29 мамыр 2017 жыл. (Көрнекі сурет.)
Ауғанстан қауіпсіздік күштері қызметкерлері "Ислам мемлекеті" тобы мүшелері деген күдікпен ұсталғандарды әкеле жатыр. Жалалабад, Ауғанстан, 29 мамыр 2017 жыл. (Көрнекі сурет.)

АҚШ қорғаныс министрлігі Ауғанстандағы "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік тобының "әмірі" Әбу Сайедтің көзі жойылғаны туралы ақпарат таратты.

Пентагонның хабарлауынша, ИМ тобы жетекшісі бірнеше нөкерімен бірге шілденің 11-і күні Ауғанстанның шығысындағы Кунар провинциясындағы олардың штабына берілген соққы нәтижесінде қаза тапқан.

Бұған дейін, биылғы сәуірдің 27-і күні Нангархар уәлаятында америкалық және ауғанстандық әскерилердің бірлескен операциясы кезінде Ауғанстандағы ИМ тобының бұрынғы лидері Абдул Хасиб өлтірілген. Оның алдында ИМ басшысы болған Хафиз Саид Хан 2016 жылы АҚШ әскери дроны шабуылынан мерт болған еді.

XS
SM
MD
LG