Accessibility links

АҚШ конгресіндегі демократтар "Ресейдің сайлауға араласуын" тәуелсіз тексеруге шақырды


АҚШ конгресі өкілдер палатасындағы демократтар лидері Нэнси Пелоси.
АҚШ конгресі өкілдер палатасындағы демократтар лидері Нэнси Пелоси.

АҚШ конгресі өкілдер палатасындағы демократтар лидері Нэнси Пелоси Ресейдің АҚШ-тағы сайлауға араласуына қатысты тәуелсіз тергеу жүргізуге тағы да шақырды.

Шілденің 14-і күні өткен баспасөз мәслихатында Пелоси америкалық арнайы қызмет орындары 2016 жылғы маусымда кіші Дональд Трамптың ресейлік адвокат Наталья Весельницкаямен кездесуіне қатысуына байланысты АҚШ президенті Дональд Трамптың кеңесшісі әрі күйеу баласы Джаред Кушнерді қосымша тексеруі қажеттігі туралы мәлімдеді.

Пелоси мен конгрестегі өзге де демократтар президенттің Ресеймен ықтимал байланыстарын тексеру жөнінде тәуелсіз комиссия құру мәселесін АҚШ конгресінде дауысқа қоюға тырысатындары туралы мәлімдеді.

Қазіргі кезде конгрестің қос комитеті мен әділет министрлігі тағайындаған арнайы кеңесші Роберт Мюллер "Ресей мәселесі" бойынша тексеру жүргізіп жатыр.

XS
SM
MD
LG