Accessibility links

Қырғыз премьері Сороонбай Жээнбековті президенттікке ұсынды


Қырғызстан премьер-министрі Сороонбай Жээнбеков.
Қырғызстан премьер-министрі Сороонбай Жээнбеков.

Бішкекте бүгін биліктегі Қырғызстан социал-демократиялық партиясының съезінде Қырғызстан президенттігіне елдің премьер-министрі Сороонбай Жээнбековтің кандидатурасы ұсынылды. Съезд делегаттары бұл ұсынысты бірауыздан қолдап дауыс берді.

Қырғызстан конституциясы бойынша, бір адам президент қызметіне тек бір мерзімге ғана сайланады. Сын айтушылар, елдің қазіргі президенті Алмазбек Атамбаевтың тұсында жақында конституцияға енгізілген өзгертулер президенттің қызметін әлсіретіп, премьер-министрдің құзыретін кеңейтті деп санайды. Оппозиция Алмазбек Атамбаевтың енді премьер-министр ретінде билік басында қалуына мүмкіндік жасалып отыр деп санайды.

Қырғызстан президенті сайлауы биыл қазанның 15-іне белгіленген. Шілденің 14-індегі жағдай бойынша, Орталық сайлау комиссиясына 26 адам ел президенттігіне кандидат ретінде тіркелу туралы өтініш берген.

XS
SM
MD
LG