Accessibility links

Финляндияда "жасыл адамдарға" қарсы заң күшіне енді


Айырым белгісі жоқ жасыл түсті киім киген ресейлік әскерилер. Қырым, Украина, 5 наурыз 2014 жыл.
Айырым белгісі жоқ жасыл түсті киім киген ресейлік әскерилер. Қырым, Украина, 5 наурыз 2014 жыл.

Финляндияда ешқандай айырым белгілері жоқ әскери киімділерге қатысты заң өзгертулері күшіне енді.

Территориялық қадағалау туралы заңға жаңадан енгізілген түзетулерге сәйкес, үстіне ешқандай айырым белгісі жоқ әскери киім киіп жүруге тыйым салынады. Бұл талапты орындамаған адамдарға қарсы қылмыстық заң бойынша іс қозғалатын болады.

Финдердің Yle порталы әңгіме "жасыл адамдар" туралы болып отыр деп жазады. 2014 жылы көктемде үстіне ешбір айырым белгісі жоқ жасыл түсті әскери киім киген Ресей қарулы күштері сарбаздары Украина құрамындағы Қырым түбегін басып алғаннан кейін "жасыл адамдар" сөз тіркесі қолданысқа енгені мәлім. Финляндияның қолданыстағы заңына бұл өзгертулер шетелдің мүддесіне не сол елдің атынан, немесе соның құптауымен әрекет ететін әскерилерге қатысты енгізіліп отыр.

Финляндии қорғаныс министрлігі жаңа заң әлемдегі ахуал өзгеріп жатқан кезде елдің территориялық тұтастығы мен егемендігіне қол сұғылмауын қамтамасыз ету үшін қабылданды деп санайды.

XS
SM
MD
LG