Accessibility links

Актер Владимир Толоконников қайтыс болды


Актер Владимир Толоконников "Ит жүрегі" фильміндегі Полиграф Полиграфович Шариковтің ролінде.
Актер Владимир Толоконников "Ит жүрегі" фильміндегі Полиграф Полиграфович Шариковтің ролінде.

Қазақстанға еңбегі сіңген артист, театр және кино актері Владимир Толоконников өткен түні 74 жасында Мәскеу қаласында қайтыс болған. Бұл туралы ақпаратты актер ұзақ жылдар еңбек еткен Алматыдағы Лермонтов атындағы академиялық орыс драма театрындағы әріптестері растаған.

"Интерфакс" агенттігінің хабарлауынша, Толоконниковты Мәскеудегі Троекуров зиратында жерлейді.

1943 жылы Алматыда дүниеге келген Владимир Толоконников 1973 жылы Ярославль театр училищесін аяқтаған соң Алматыдағы Лермонтов атындағы академиялық орыс драма театрында шығармашылық жұмысын бастаған. Актер 60-тан астам фильмге түскен.

Орыс жазушысы Михаил Булгаковтың "Ит жүрегі" повесінің желісі бойынша 1988 жылы режиссер Владимир Бортко түсірген телефильмде өзі сомдаған Полиграф Полиграфович Шариковтің ролі арқылы актер Владимир Толоконников көпшілікке танылған еді.

XS
SM
MD
LG