Accessibility links

Уимблдон турнирінің жұптық бәсеке жеңімпаздары анықталды


Реселік теннисшілер Екатерина Макарова (сол жақта) мен Елена Веснина. Рио-де-Жанейро, 14 тамыз 2016 жыл.
Реселік теннисшілер Екатерина Макарова (сол жақта) мен Елена Веснина. Рио-де-Жанейро, 14 тамыз 2016 жыл.

Ұлыбританияда Уимблдон теннис турнирінде әйелдер арасындағы жұптық бәсекені ресейлік Екатерина Макарова мен Елена Веснина жеңіске жетті. Олар 54 минутқа жалғасқан финалдық ойында румын Моника Никулеску мен тайпейлік Чжань Хаоцинді екі сетте 6:0, 6:0 есебімен ұтты.

Уимблдон турнирінде әйелдер арасындағы финалдық матчта мұндай есеп 1953 жылы ғана болған делінген жарыстың ресми сайтында.

Ресейлік теннисшілер жұбы бұған дейін 2014 жылы АҚШ ашық чемпионатында, оған дейін 2013 жылы Ролан Гаррос турнирінде жеңімпаз атанған.

Биылғы Уимблдон турнирінде ерлер арасындағы жұптық жарыста поляк Лукаш Кубот және бразилиялық Марсело Мело үздік шықты. Олар финалда австриялық Оливер Марах пен хорват Мате Павичті жеңді.

XS
SM
MD
LG