Accessibility links

Тәжік қауіпсіздік қызметі басшысы ғылым академиясы мүшесі атанды


Тәжікстан мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасы Cаймумин Ятимов.
Тәжікстан мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасы Cаймумин Ятимов.

Тәжікстан мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті (МҰҚК) төрағасы Cаймумин Ятимов Тәжікстан ғылым академиясының корреспондент-мүшесі болып сайланды. Дәл осындай ғылыми дәрежеге Тәжікстан президентінің баспасөз хатшысы Абдуфаттох Шарифзода, Тәжікстан сыртқы істер министрінің орынбасары Низомиддин Зохиди де ие болған. Абдуфаттох Шарифзода 2000 жылы «Тәжікстанның жоғары оқу орындарында жоғары білікті мамандар дайындаудың тарихи тәжірибесі» тақырыбында докторлық диссертация қорғаған.

Тәжікстан ғылым академиясына сайлау шілденің 14-і күні өткен, оның қорытындысы дүйсенбі күні жарияланады деп хабарлаған академия президенті Фарход Рахими Азаттықтың Тәжік қызметіне (Радио Озоди). Бұл жолы ғылым академиясына бес академик және 35 корреспондент-мүше сайланған. «Шығыстану» мамандығы бойынша академик атануға үміткер екеудің бірі Журабек Назриев Радио Озоди тілшісіне «сайлау таза және әділ болған жоқ» деп мәлімдеген.

Тәжікстанда «ғылым академиясының академигі» ғылыми атақ болып саналмайды, бірақ ондайға қолы жеткендер кейбір артықшылықтарды пайдаланады, соның ішінде мысалы, негізгі жұмыс орнындағы айлық жалақысына үстеме ақша қосылады. Тәжікстанның ғылыми ортасында жоғары лауазымды шенеуніктердің ғылым академиясы сайлауына қатысуы жөнінде пікірталастар өрбіп жатыр. Кей ғалымдар Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонды шенеуніктерге ғылым академиясы сайлауына қатысуына тыйым салуға шақырған.

XS
SM
MD
LG