Accessibility links

Лю Сяобоның жесірімен байланыс үзілген


Лю Сяобо әйелімен. 2002 жылы түсірілген сурет.
Лю Сяобо әйелімен. 2002 жылы түсірілген сурет.

Батыс саясаткерлері мен қоғамдық белсенділер Қытай үкіметінен Нобель сыйлығының иегері Лю Сяобоның жесірі Лю Сяны елден шығаруды сұрады. Лю Сяны соңғы рет 15 шілдеде кремация жасайтын орталықтың маңынан көрген. Содан бері ол туралы хабар жоқ.

Қытай билігі құқық қорғаушының жесірін 2010 жылдан бері үйқамақта ұстап отыр. Бірақ оған қатысты арнайы сот шешімі шықпаған. Австралия сыртқы істер министрі Джули Бишол 16 шілдеде Қытай билігінен Лю Сяны елден шығаруды сұрады Ал бірнеше күн бұрын Шеньян қаласының билігі Лю Ся үйқамақтан босатылғанын хабарлаған. Бірақ оның қайда екенін айтпады.

Қытайлық құқық қорғаушы, бейбітшілік саласы бойынша Нобель сыйлығының иегері Лю Сяобо 13 шілдеде рактан қайтыс болған. Денесінің күлі салынан урна 15 шілдеде теңізге тасталды.

XS
SM
MD
LG