Accessibility links

Ақтөбеде өзендердің арнасын тазалай бастады


Көктемгі тасқын су басқан тұрғын үйлер. Ақтөбе, 16 сәуір 2017 жыл.
Көктемгі тасқын су басқан тұрғын үйлер. Ақтөбе, 16 сәуір 2017 жыл.

Ақтөбеде өзендердің арнасын тазалай бастадық деп хабарлады Ақтөбе облысы әкімі Бердібек Сапарбаев жарты жылдың қорытындысына арналған баспасөз мәслихатында.

"Өзендердің табанын өз күшімізбен тазалап жатырмыз. Бірақ өз күшіміз толық жетпейді. Жеті өзенді тазалауға миллиондаған ақша керек. Үкіметке бұл мәселені жеткіздік, олар қолдады. Мен премьер-министрге барып "егер өзендердің астын тазаламасақ, жылда тасқын болады" дедім. Үш жылда барлық өзендерді тазалап бітіреміз деп жоспарлап отырмыз" деді ол.

Облыстық әкімдіктің есебінше, тазалау жұмыстарына шамамен 4,5 миллиард теңге қажет.

Биыл сәуір айының ортасында су тасыған кезде Ақтөбенің Елек және Қарғалы өзендерін жағалай қонған елді мекендер мен саяжайлар тасқынның астында қалған. Баспанасыз қалған 2 мыңдай тұрғынның 800-ге жуығы бір апта бойы қала мектептерінің спорт залдарын паналаған.

Ақтөбедегі су тасқыны

XS
SM
MD
LG