Accessibility links

"Кировлес" шағымы бойынша Навальныйдың соты басталады


Алексей Навальный, ресейлік оппозициялық саясаткер.
Алексей Навальный, ресейлік оппозициялық саясаткер.

Бүгін Мәскеудегі Никулинский соты "Кировлес" компаниясының оппозиционер Алексей Навальный, кәсіпкерлер Петр Офицеров мен Вячеслв Опаловтың үстінен түсірген шағымын қарауды бастайды.

Бұл шағым Никулинский сотында екінші рет қаралмақ. Өткен жылы қарашада сот Навальный және екі кәсіпкерді айыпты деп тауып, 16 миллион рубль төлеуді міндеттеген. Кейін Мәскеу қалалық соты шешімнің күшін жойған.

2013 жылы Киров облыстық Ленин соты Навальный мен Офицеровты "Кировлес" компаниясының жекеменшігін ысырап қылды деп айыптап, Навальныйды бес, Офицеров пен Опаловты төрт жылға шартты түрде бас бостандығынан айырған. Тергеушілер Навальный "Кировлесті" басқарып тұрғанда Офицеровпен бірге он мың текше метр тақтай жымқырып, мемлекетке 16 милион рубль шығын келтірді дейді.​

XS
SM
MD
LG