Accessibility links

Ауғанстандағы қақтығыста мыңдаған бейбіт тұрғын мерт болған


Ауғанстандық әйел.

1 қаңтар мен 30 маусым аралығында Ауғанстандағы қақтығыстан 1662 бейбіт тұрғын қаза тапқан. БҰҰ-ның Ауғанстанға көмек көрсету миссиясының (UNAMA) есебінде "бұл былтырғы жылдың осы уақытымен салыстырғанда екі пайызға көп" деп көрсетілген.

«Ауғанстандағы қақтығыста бейбіт тұрғындардың өлімі өте жоғары" дейді UNAMA жетекшісі Тадамити Ямамото.

БҰҰ есебінде жыл басынан бері 3581 адамның жарақат алғаны, бұл былтырғымен салыстырғанда бір пайызға аз екені жазылған. UNAMA дерегінше, Ауғанстанда қаза тапқандар мен зардап шеккендер бейбіт тұрғындардың 40 пайызы билікке қарсы күштердің әрекетінен, жанкештілердің әрекетінен, жарылғыш заттар мен жолда орнатылған миналардың кесірінен мерт болған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG