Accessibility links

Маңғыстаудағы атыстан алты адам жарақат алған


Маңғыстау облысының картасы.
Маңғыстау облысының картасы.

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Құрық ауылындағы атыстан алты адам зардап шекті. Бұл туралы "Лада" сайты облыстық ішкі істер департаментіне сілтеме жасап хабарлады.

Оқиға Қарақия ауданындағы Құрық ауылында шілденің 17-сінен 18-іне қараған түні болған. Үш адамға аудандық ауруханада көмек көрсетілді. Ал ауыр жағдайдағы үш жігітті облыстық ауруханаға жеткізген. 20, 22 және 23 жастағы жігіттер ауруханаға оқ жарақатымен түнгі 00:30 шамасында жеткізілген.

"Үш науқасқа жедел түрде операция жасалды. Олардың денесіне, аяқ-қолына, кеудесіне және ішіне оқ тиген. Бірінің ішегі мен асқазанында жарақат бар. Ішіне бір жарым литр қан құйылған. Жаралары тігілді. Қазір ол жансақтау бөлімінде, тыныс алу аппаратына қосылған" деді облыстық аурухана директорының орынбасары Мұхаметжан Нұрғазиев.

Екінші науқас есін жиды, арнайы аппаратынан ажыратылды. Ішек жарақаты бар үшінші жігіт қан айналдыратын аппаратқа қосылған.

Маңғыстау облыстық ішкі істер департаментінің өкілдері "бұл іске қатысы жедел іздеу шаралары жүріп жатыр. Басқа ақпарат тергеуге кедергі келтірмес үшін айтылмайды" деді.

XS
SM
MD
LG