Accessibility links

Жыл басынан бері 57 адамды пойыз қаққан


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Бүгін Алматы маңындағы Байсерке стансасында ер адам пойыз астына түсіп, мерт болды. Бұл туралы көліктегі ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Департамент мәлімдеуінше, түскі бір шамасында Семей-Қызылорда бағытымен келе жатқан пойыз Байсерке стансасында жолды кесіп өтпек болған адамды қаққан. Пойыз машинисті шұғыл тоқтауға әрекет еткенімен, үлгермеген.

Департамент дерегінше, жыл басынан бері Қазақстанда 57 адамды пойыз қаққан. Олардың көбі қайтыс болған. Алты айда 15838 адам пойыз жолын кесіп өткені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

XS
SM
MD
LG