Accessibility links

Шымкент соты Харьковадан жауап ала бастады


Сот шешімімен жабылған тәуелсіз кәсіподақтар конфедерациясының бұрынғы жетекшісі Лариса Харькова. Шымкент, 12 шілде 2017 жыл.
Сот шешімімен жабылған тәуелсіз кәсіподақтар конфедерациясының бұрынғы жетекшісі Лариса Харькова. Шымкент, 12 шілде 2017 жыл.

Шымкенттегі Еңбекші аудандық соты Қазақстан тәуелсіз кәсіподақтар федерациясының бұрынғы төрағасы Лариса Харьковадан жауап ала бастады.

Сот отырысына жәбірленушілер мен айыпталушы, олардың қорғаушылары, прокурор қатысты. Сот процесін адам құқықтарын қорғаумен айналысатын үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері бақылап отырды.

Судья Светлана Шынәлиева сот отырысында әуелі Лариса Харьковадан жауап алынатынын айтты. Айыпталушы өз жауабында кәсіподаққа қалай келгенін, кәсіподақ конфедерациясын қашаннан бастап қалай басқарғанын сөз етті. Жұмыс тәртібі мен есеп-қисап жайы да айтылды.

Лариса Харьковаға оның адвокаты Дана Волкова сұрақ қойып отырды.

Сот отырысынан шыққан жәбірленуші Сағира Нұрбекова және айыпталушы Лариса Харькова мен оның қорғаушысы Дана Волкова бүгінгі сот процесі жөнінде қандай да бір комментарий бере алмайтынын айтты.

Сот процесін бақылап отырған Қазақстандағы адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі халықаралық бюроның Оңтүстік Қазақстан облысы филиалының заңгері Әділ Сейітқазиев "бүгінгі сот отырысына дейін Лариса Харькова тарапынан қандай да бір заң бұзушылық болғаны анықталмағанын" айтты.

Лариса Харьковаға қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлімінің 2-тармағы ("Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу") және 190-баптың 2-бөлімінің 2-тармағы бойынша ("Алаяқтық") бойынша айып тағылған. Ол "ешқайда кетпейтіні" туралы қолхатпен бостандықта жүр. Харькова өзіне қарсы істің "тапсырыспен жасалғанын" айтады.

XS
SM
MD
LG