Германияның Гамбург қаласында 7 шілдеде өткен G20 тобының ресми жиынынан кейін АҚШ және Ресей президенттері Дональд Трамп пен Владимир Путин екінші рет бейресми кездесу өткізген деп хабарлады БАҚ.
Бұл кездесу жайлы ресми айтпаған. Екі ел президентінің бірінші кездесуі туралы БАҚ-та хабарланған.
18 шілдеде АҚШ президенті жанындағы ұлттық қауіпсіздік кеңесінің өкілі Трамп пен Путин президенттерге арналған кешкі ас кезінде кездескенін CNN-ге растады. Бұл бейресми кездесуге екі ел президенті, олардың жұбайлары және аудармашылар қатысқан.
Бұл бейресми кездесу туралы америкалық саясаттанушы, Eurasia Group зерттеу тобының жетекшісі Иан Бреммер хабарлады. Оның дерегінше, Путин мен Трамп кездесуі бір сағат шамасында болған.