Accessibility links

Трамп: Путинмен "құпия кездесу" туралы ақпарат - фейк


АҚШ президенті Дональд Трамп (сол жақта) пен Ресей президенті Владимир Путин G20 саммитінде.
АҚШ президенті Дональд Трамп (сол жақта) пен Ресей президенті Владимир Путин G20 саммитінде.

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путинмен "құпия кездесу" туралы ақпаратты "фейк жаңалық" деді.

Трамп твиттерде G20 лидерлерінің кешкі асы туралы БАҚ құралдары білгенін, кешкі асқа Германия канцлері Ангела Меркель шақырғанын жазды.

"Путинмен құпия кешкі ас туралы фейк жаңалық - жиіркенішті. G20 лидерлерін және олардың жұбайларын кешкі асқа Германия канцлері шақырды. Бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдары білді" дейді Трамп.

Осыған дейін БАҚ-та 7 шілдеде Гамбургте өткен G20 саммитінде Владимир Путин мен Дональд Трамп ресми кездесуден бөлек екінші рет жолығып, құпия бейресми кездесу өткізгені туралы хабарланған.

XS
SM
MD
LG