Accessibility links

"Пара алды" деген күдікке ілінген Бауыржан Мусиннің қамау мерзімі ұзартылды


Бауыржан Мусин, дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің азаматтық қоғам істері бойынша комитеті басшысының орынбасары.
Бауыржан Мусин, дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің азаматтық қоғам істері бойынша комитеті басшысының орынбасары.

Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің азаматтық қоғам істері бойынша комитеті басшысының орынбасары Бауыржан Мусиннің қамау мерзімі 31 шілдеге дейін ұзартылды. Бұл туралы Астана қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Мусин 31 наурызда "мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың мүддесін қорғағаны үшін пара алды" деп күдікпен ұсталған.

Ұлттық бюро ақпаратына қарағанда, Мусин бүгін "кәсіпкерден параның бір бөлігі ретінде 400 мың теңге ақша алу үстінде ұсталып", Астана қалалық ішкі істер департаментінің тергеу изоляторына қамалған. Коррупцияға қарсы қызмет "Мусин алған параның жалпы көлемін 1,4 миллион теңге деп санайды.

Дін істері және азаматтық қоғам істері жөніндегі министрлік өткен жылдың қыркүйегінде құрылған. Министрлікті бұрын президенттің көмекшісі - Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болған Нұрлан Ермекбаев басқарады. Министрлік құрамында дін істері және азаматтық қоғам істері жөніндегі екі комитет пен бес департамент бар.

XS
SM
MD
LG