Алдын ала ақпарат бойынша, 21 шілде Грекия мен Түркия жағалауында болған жер сілкінісінен зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Бұл туралы Қазақпарат агенттігіне Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Әнуар Жайнақов хабарлаған.
«Осы уақытқа дейін зардап шеккен қазақстандықтар туралы ақпарат келіп түскен жоқ», - деді ол.
21 шілдеге ауған түні Грекия аралдары мен Түркияның Эгей теңізі жағасында болған жер сілкінісінен кем дегенде екі адам мерт болып, ондаған адам жарақаттанған. Түркияның Бодрум қаласында елуге жуық адам дәрігердің көмегіне жүгінгені хабарланды.
.