Accessibility links

Өзбекстан HRW делегациясын елге шақырды


Human Rights Watch (HRW) ұйымының Орталық Азия бойынша зерттеушісі Стив Свердлов (ортада).
Human Rights Watch (HRW) ұйымының Орталық Азия бойынша зерттеушісі Стив Свердлов (ортада).

Жеті жыл үзілістен кейін Human Rights Watch (Хьюман Райтс Вотч) құқық қорғау ұйымының өкілдері Өзбекстанға барады. Бұл туралы "Өзбекстан-Еуроодақ" жиынынан кейін өткен баспасөз мәслихатында Өзбекстан сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов мәлімдеді.

Камиловтың айтуынша, ресми Ташкент халықаралық құқық қорғау ұйымдарымен бірге жұмыс істеуге дайын. Human Rights Watch (HRW) ұйымының Орталық Азия бойынша зерттеушісі Стив Свердлов бастаған делегация Ташкентке тамыздың соңында келеді.

Стив Свердлов Азаттықтың өзбек қызметіне Ташкенттен мұндай қадамды күтпегенін, ұйым Өзбекстанмен бірге жұмыс істеуге дайын екенін айтқан. Свердлов әлі Ташкенттен ресми шақырту алмағанын да жеткізді.

Ташкентте Human Rights Watch ұйымының кеңсесі 1996 жылы ашылып, елдегі адам құқықтарын сараптап отырған. 2005 жылы Андижан оқиғасынан кейін Өзбекстан билігі ұйым жұмысына кедергілер келтіріп, HRW екі өкілі Олег Воронцов пен Стив Свердловқа аккредитация бермей қойған. 2010 жылы желтоқсанда Өзбекстан әділет министрлігі HRW жұмысын тоқтату туралы Жоғарғы сотқа шағым түсірген. 2011 жылы сот министрліктің шағымын қанағаттандырды.

XS
SM
MD
LG