Accessibility links

Қазақстан Ресейдің Омбы облысынан шошқа етін әкелуге тыйым салды


Қазақстан мен Ресей шекарасында тоқтап тұрған көлік. (Көрнекі сурет)
Қазақстан мен Ресей шекарасында тоқтап тұрған көлік. (Көрнекі сурет)

Қазақстан ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринарлық қызметі 21 шілде күні Ресейдің Омбы облысынан шошқа етін тасымалдауға толық тыйым салды.

Оған себеп Омбы облысында шошқалардың африкалық оба індетінің ошағы табылғаны және өңірдің екі ауданында осы оқиғаға қатысты төтенше жағдай жарияланғаны болған.

Ресейдің Омбы облысында ауыл шаруашылығына аса қауіпті саналатын осы бір шошқалар індетінің таралуына байланысты қылмыстық іс қозғалған. Мамандар шошқалардың африкалық обасы індетінің тарауын тек қатаң карантиндік шаралар арқылы тоқтатуға болатынын айтады. Қазір Ресейдің аталған өңірінде шошқаларды жою науқаны жүріп жатыр.

XS
SM
MD
LG