Accessibility links

БАҚ: Пол Манафортқа "заңсыз ақша" туралы айып тағылуы мүмкін


Дональд Трамптың сайлау штабының бұрынғы басшысы Пол Манафорт.
Дональд Трамптың сайлау штабының бұрынғы басшысы Пол Манафорт.

Өткен жылы АҚШ президенті сайлауында кандидат Дональд Трамптың сайлау штабын басқарған Пол Манафортқа "заңсыз ақшаға" қатысты айып тағылуы мүмкін.

Reuters агенттігі өзінің екі дерек көзіне сілтеме жасап, қазіргі кезде арнайы прокурор Роберт Мюллер басқаратын арнайы комиссия "ресейлік іс" деп аталатын тергеу аясында Манафорттың қаржысы мен Нью-Йорктегі жылжымайтын дүние-мүлкі, сонымен бірге оның украин саясаткерлерімен байланысы туралы құжаттарды зерттеп жатыр деп хабарлады.

2006 жылдан бастап 2013 жылға дейін Манафорт Нью-Йоркте үш жылжымайтын нысан сатып алған. Ақшаны қолма-қол төлеген ол кейін банктен қайтарып алып, ипотекалық несие ресімдеген. Reuters келтірген сарапшының сөзінше, әдетте мұндай әдіс заңсыз алынған ақшаның ізін жасыру мақсатында қолданылады. Reuters агенттігі аталған мәміле жайлы тәуелсіз көздер растайтындай ақпараттың табылмағанын хабарлайды.

Шілденің 19-ы күні New York Times басылымында Пол Манафорттың "ресейлік жалған компанияларға 17 миллион доллар қарыз" екені туралы материалдар жарияланған.

Пол Манафорт 2016 жылы АҚШ-тағы президенттік сайлау науқаны кезінде кандидат Дональд Трамптың төңірегінің ресейліктермен байланыстарын тексеру ісіндегі негізгі тұлғалардың бірі. Былтыр маусымда Трамптың сайлау штабы басшысы болып тағайындалысымен Манафорт кіші Дональд Трамптың ресейлік заңгер Наталья Весельницкаямен кездесуіне қатысқан. Сол жылғы тамыздың ортасында, Украинаның экс-президенті Виктор Януковичпен саяси және іскерлік байланыстарының жай-жапсары анықталғаннан кейін Пол Манафорт Трамптың сайлау штабы басшылығынан кетуге мәжбүр болған.

XS
SM
MD
LG